Басты Жаңалықтар Франция үкіметі ауаны ластайтын ескі көлігін жаңасына ауыстырғысы келетіндерге көмектеседі

Франция үкіметі ауаны ластайтын ескі көлігін жаңасына ауыстырғысы келетіндерге көмектеседі

Францияда ауаны ластайтын ескі көлігін ауыстырамын деген жүргізушілерге үкімет қаржылай көмек береді. Ел премьер-министрі Эдуар Филипп осы мақсатқа 500 млн. еуро бөлінетінін мәлімдеді. Жалпы алғанда, мемлекет жаңа немесе жаңалау машина алғысы келетіндерге 2000 еуродан төлемек. Бұған қоса, үйлерін жылыту үшін дизель пайдаланатын отбасыларға да жәрдем көрсетіледі. Айта кетсек, жанармай салығы өскендіктен, Францияда халық қарашаның 17-сі күні жолдарды жауып, жаппай шеруге шығады деген хабар тарап отыр. Ал, Филипп демонстрация ұйымдастыруға рұқсат берген, бірақ, жолдар заңсыз бөгелетін болса, полиция оларға күш қолданатынын ескертті.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу