Басты Жаңалықтар Мигранттарды заңсыз көшіруге көмектескен 5 күдікті тұтқындалды

Мигранттарды заңсыз көшіруге көмектескен 5 күдікті тұтқындалды

Жерорта теңізі арқылы Италияға мигранттарды жіберіп тұрған 5 күдікті тұтқындалды. Соңғы деректерге қарағанда, олар Ливиядан 264 мигрантты заңсыз көшіруге көмектескен. Күдіктілер Рагуза түрмесіне жеткізілген.  Әр мигрант оларға тасымалдануы үшін 1500 еуро төлеп отырған. Олар Мысыр тумалары екені анықталды.  Ал, көшірілген босқындар Поццаллодағы мигранттар орталығына орналастырылған. Онда адамдарға қолайлы жағдай жасалып, тіпті, дәрігерлер жұмылдырылған. Күдіктілерге қатысты тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, олар бірнеше жылға бас  бостандығынан айырылады. 

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу