Жаңа Зеландияда 145 кит жағаға шығып қалды
Жаңа Зеландияда 145 кит жағаға шығып қалып, көбі өліп кетті. Жергілікті экологтардың мәлімдеуінше, оларды құтқару мүмкін болмады. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, оқиға Стьюарт аралында болған. Балықтардың мұндай жағдайын бірінші жергілікті тұрғындар көріп, содан құтқарушылар қызметіне хабарласқан.
Осы өңірлерде бұған дейін 12 кашалот жағажайға шығып қалған еді. Оның біреуінің ұзындығы 15 метр болған екен. Жаңа Зеландияда бұл таңсық жайт емес. Жылына мұнда осындай 80-нен астам жағдай тіркеледі екен. Бірақ, әдетте 2-3 кит өлетін. Ал, мамандардың болжамдарына қарағанда, теңіз жануарларының жаппай қырылуына түрлі індеттер себеп болуы мүмкін.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06