Ресей астанасы Жаңа жылға қызу дайындалып жатыр
Қазір Мәскеу шаһарының орталық көшелері мен саябақтары қызыл-жасыл түске оранды. Қала әкімшілігінің хабарлауынша, мерекелік жарық инсталляцияларын жасау үшін ұзындығы 1,5 мың шақырымға жететін гирляндалар мен 30 миллион жарықдиодты лампалар қолданылған. Соның арқасында, орталық көшелерге қойылған мыңдаған шамдар адамға далада емес, әсем безендірілген ғимаратта жүргендей әсер береді. Мәскеуде Жаңа жыл мерекесіне арналған негізгі шаралар 29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін өтеді. Жалпы, ресейліктер, Жаңа жыл кезінде 9 қаңтарға дейін демалады. Көршілес елдің басты мерекесі саналатын мейрам кезінде Мәскеудің барлық аудандары мен үлкен саябақтарында түрлі фестивальдер, концерттер, спектакльдер және спорттық сайыстар өтеді.
Хасан Хасангаджиев, Мәскеу қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы:
- Мәскеудің орталығындағы Любян алаңына 30 метрлік ең үлкен шырша қойылды. Ал, қала бойынша барлығы 297 шырша орнатылды. Оның көпшілігі демеушілердің есебінен безендіріліп отыр. Сонымен қатар, қазір Мәскеуде «Рождествоға саяхат» деп аталатын фестиваль басталды. Оның аясында түрлі жаңажылдық спектакльдер, ойындар және әртүрлі ұлттардың дәмханалары жұмыс істейді.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы