Басты Жаңалықтар Мексикада 630 келі есірткі тиеген қайық құрықталды

Мексикада 630 келі есірткі тиеген қайық құрықталды

Бұл туралы елдің әскери-теңіз күштері мәлімдеп отыр. Оқиға елдің батысындағы Синалоа штатында болған. Теңіздегі күдікті катер әскерилердің назарына іліккен соң, ізін суытқысы келген. Алайда, тікұшақпен жеткен сарбаздар оған жол бермеді.

Әскери операция барысында 15 адам тұтқындалған. Олар Эквадор, Колумбия және Мексика азаматтары болып шықты. Қазір есірткі мен қайық тәркіленіп, іс сотқа жіберілді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу