Мигранттар кемесінің Италия жағалауына тоқтауына рұқсат берілмей жатыр
Жерорта теңізінде 100-ге жуық мигрант мінген кеме 19 күннен бері қайда тоқтарын білмей жүр. Ол — қазір Италияның Лампедуза аралының маңында. Бүгін 10 мигрант суға секіріп кетіп, жағалауға жетпек болды. Оларға құтқарушылар қайығын жіберуге тура келді.
Қайырымдылық ұйымдарының айтуынша, африкалық босқындар тақтайдың үстінде ұйықтауға мәжбүр. Олардың ішінде ауруға шалдыққандар мен өз-өздеріне қол жұмсағысы келетіндер бар.
Италия үкіметі болса, жекеменшік су көлігімен келгендерді елге кіргізбейтінін ескертіп, қайырымдылық ұйымдарын адам саудагерлерінің «таксиіне» айналды деп айыптап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16