Жалақы мен жәрдемақы өседі
Ең озық 30 елдің қатарынан ойып тұрып орын алу үшін әлеуметтің әлді болғаны керек. Назарбаев ол үшін Жолдауда жалақы мен жәрдемақының өсетінін айтты. Сіз тыңдаңыз, біз баяндайық.
2016-шы жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы бірден 25 пайызға өседі. Ал, келер жылдың шілдесінде мемлекеттік қызметші категориясына кірмейтін азаматтық қызметкер ретінде жалақы алатындардың еңбекақысы жаңа тәртіппен есептеледі.
Осы санатқа кіретін денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың жалақысы 28 пайызға, білім саласындағыларда 29 пайызға дейін, әлеуметтік қызметшілердің еңбекақысы бірден 40 пайызға өседі.
Бұған қоса, мүгедектер мен асыраушысынан айырылған жанұяларға төленетін жәрдемақы көлемі де 25 пайызға ұлғаяды. Сондай-ақ, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы келер жылдың 1 шілдесінен 15 пайызға, 2016 жылдың 1 шілдесінен тағы 15 пайызға артады.
Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05