Мемлекет басшысы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесті
Алдағы сәрсенбі - сәтті күні сәтін салса, Айдын Айымбетов ғарышқа сапар шегеді. Осыған орай кеше Елбасы ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесті.
Нұрсұлтан Назарбаев әңгіме барысында Айдын Айымбетовтің алдағы ғарышқа сапары отандық ғарыш саласының одан әрі дамуына серпін беретінін және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға қызмет ететін айшықты оқиға екенін атап өтті.
Өз кезегінде ғарышкер сенім білдіргені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, ұшуға дайын екенін мәлімдеді. Соңында Қазақстан Президенті ғарышкердің Халықаралық ғарыш станциясына экспедициясы табысты болуына және оның алдына қойылған барлық міндеттің орындалуына тілектестігін білдірді.
Айбек ҚОБДАБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 18:01
«Жастар күнінде» жастар алаңды тазалады
04.08.2026, 17:35
Жапондар Қазақстан өсімдіктерін зерттеп жүр
04.08.2026, 17:30
Фиджитал-футбол: Жерлестерімізді маңызды кездесу күтіп тұр
04.08.2026, 17:27
Жиырмадан аса стример жауапқа тартылды
04.08.2026, 17:25
Абай облысында оңалту орталықтары жұмыс істеуде
04.08.2026, 17:22
Сыр бойында құрылыс қарқынды
04.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 17:17