Қытайда бала тууға шектеу қоюдың нәтижесі қандай болды? (ВИДЕО)
Осы аптада әлем баспасөзінің бірінші бетінде жарияланған негізгі халықаралық жаңалықтардың бірі – Қытайдың «бір бала» саясатынан бас тартуы. Яғни, компартия барлық отбасыларға екі балалы болуға рұқсат берді.
Елдің Ұлттық Денсаулық сақтау және отбасын жоспарлау комиссиясының болжамынша, енді 90 миллиондай отбасыға екінші перзентті дүниеге әкелуге мүмкіндік туып отыр.
Қытайда «бір үйге – бір бала саясаты» 1970 жылдардың соңында жүзеге асырыла бастады. Алайда, оның кесірінен қарттар көбейіп, енді жұмыс жасындағы азаматтардың мойнына ата-әжелерді асырау - үлкен салмақ түсірейін деп отыр.
Соңғы статистикаға жүгінсек, 1979 жылдан бері бала тууды шектеу салдарынан Қытайда 400 миллион адам өмірге келмеген. Және де «бір бала саясатын» бұзғандарға 2 триллион юань немесе 315 миллиард АҚШ доллары айып салыныпты.
Ерлердің саны қазір әйелдерден 33 миллионға артық. Ал, 2030 жылы Қытай тұрғындарының саны 1 миллиард 450 миллионға жетеді, деген болжам бар.
Сонымен қатар, 2050 жылы бұл мемлекет халқының 25 пайызы 65 жастан асқандар болуы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК

Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Қоржынға тағы 5 медаль түсті
28.09.2026, 17:38
Бір топ жүлдегер елге оралды
28.09.2026, 17:37
М.Сейітова атындағы дикторлар байқауының жеңімпаздары марапатталды
28.09.2026, 17:36
«Balapan» телеарнасына 16 жыл
28.09.2026, 17:35
Алматыда Мемлекеттік академиялық би театры 60-маусымын ашты
28.09.2026, 17:33
600-ден аса жас инженер робототехникадан жарысты
28.09.2026, 17:30
Елімізде жаңа спутниктік мобильді байланыс іске қосылады
28.09.2026, 17:27
Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымағы жаңа бағытқа көшті
28.09.2026, 17:25