Мәскеуде өткен «Металл EXPO-2015» көрмесіне қазақстандық өндірістер қатысты
Қазақстандық кәсіпкерлер шара барысында бірқатар халықаралық компаниялармен ортақ келісім бекітті.
Жалпы, қазақстандық өнімдерге шетелдіктердің қызығушылығы ерекше. Бұған осы жолы Мәскеуде өткен «Металл EXPO-2015» көрмесі кезінде тағы да көз жеткіздік. Халықаралық көрмеге әлемнің 32 елінен 600-ге тарта өнеркәсіптік компания қатысқан.
Қазақстандық кәсіпкерлер шара барысында бірқатар халықаралық компаниялармен ортақ келісім бекітті. Солардың бірі - Ақтөбедегі рельс шығаратын зауыт. Ол индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша іске қосылған нысан.
Көрмеге қатысушылардың көбі осы зауыттың өніміне қызығып, іскерлік қатынас орнатуға ниетті екендіктерін айтты. Бірнеше кәсіпорын арнайы шарт жасады. Сәтін салып, тапсырыс түссе, зауыттың өнімі артатын күн әлі алда.
Ал, қара және түсті металл өнімдері, жаңа технологиялар мен қондырғылардың түр-түрі қойылған көрмеге ірі корпорациялардың басшыларынан бастап, 30 мыңға жуық іскер топ өкілдері қатысты.
Қайрат Дәулетов, маркетинг бөлімінің маманы:
Біздің зауытта өте озық технологиялар жүзеге асырылған. Себебі біз 120 метрлік рельстер дайындаймыз. Бүгінгі таңда біздің өнімімізге Армения, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан сынды мемлекеттер қызығушылық танытып отыр. Осы көрме барысында солармен келіссөздер жүргізіп, болашақта ынтымақтастық меморандумын бекітеміз.
Нұртас СОЛТАН

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шалғайдағы ауылда болашақ чемпиондар жаттығып жүр
04.08.2026, 10:13
Бокстан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі шықты
04.08.2026, 10:08
Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
04.08.2026, 10:07
Моңғолияда жанармай сатуға шектеу қойылды
04.08.2026, 10:06
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 10:05
ШҚО-да қатты дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті
04.08.2026, 10:05
Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді
04.08.2026, 10:03
Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр
04.08.2026, 10:02