Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Елбасы өкіміне сай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігін Талғат Донақов басқарады.
Жұма күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері дейтін жаңа министрлік құрылды. Соған сәйкес, Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар кадрлық тағайындаулар болды.
Елбасы өкіміне сай, жаңа министрлікті Талғат Донақов басқарады. Тиісінше, ол Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Оның орнына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып Марат Бекетаев тағайындалды.
Ал, Қайрат Пернешұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болды.
Бұдан бөлек, Президент өкімімен Анатолий Смолин ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды. Ал, Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметін атқаратын болады.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02