Әлем экономикасына төмендеу қаупі төніп тұр
Бұл Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагардтың болжамы.
Әлем экономикасының 2007-2009 жылғы қаржылық дағдарыстан оңалу қарқыны баяу. Бұл аздай, тағы да кері кету қаупі төніп тұр. Мұны Берлинге сапары барысында Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард ескертті.
Лагард бұл мәлімдемені осы айда әлемнің 188 елінің орталық банктерінің жетекшілері Вашингтонда кездесер қарсаңында жасады. Алдағы жиынға Әлемдік банк өкілдері де қатысып, ғаламдық экономиканың қазіргі жағдайын талқыға салады.
Халықаралық валюта қорының мәліметінше, Америкада өсім болғанымен, Еуропа одағы мен Жапонияда экономикалық көрсеткіштер көңілге қонымсыз. Сонымен қатар, Ресей, Бразилия тәрізді шикізат экспорттаушы елдер Қытай өндірісі өсімінің баяулауынан зардап шегіп отыр.
Лагардтың пікірінше, әлем шапшаң дамуға қайта оралуы үшін оған бірлескен әрекет керек.
Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының басшысы:
Мен дабыл қағып отырған жоқпын. Алаңдататын мәселенің бар екенін ғана айтқым келеді. Иә, мардымсыз болса да өсім бар. Алайда, ғалам экономикасының қарқыны күшеюі үшін саяси басшылар күш біріктіруі керек. Соның нәтижесінде дүниежүзілік өндірісте сенім пайда болып, дағдарысқа дейінгі жолға қайта орала аламыз.
Арыстан РЫСБЕК

Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18