Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада әкімдерді жинап, арнайы кеңес өткізді
Халықты жер мәселесін шешу үшін жұмыла жұмыс істеуге үндеді.
«Жабағылы жас тайлақ жардай атан болған жер,
Жатып қалып бір тоқты.
Жайылып, мың қой болған жер», деп толғаныпты Қазтуған, кең, құнарлы, сайын даламызға қарап.
Сол жырауша айтсақ, «Алаң да алаң, алаң жұрт!». Біздің қоғам әлі жер мәселесіне алаңдап отыр. Иә, қадірлі көрермен, жер дауы - қазақта қашаннан шетін мәселе. Өткір, өзекті!
Өйткені, жер – еңбегін сауған елдің негізгі қазынасы, алтыннан артық байлығы. Сондықтан, бұл тақырып қозғалса, халықтан қашық емес, керісінше қоғамға ашық болған абзал.
Соңғы мезгілде елді елеңдетіп, түрлі қозғау салған бұл мәселені Мемлекет басшысының өзі халықпен ақылдаса отырып, бір байламға келуді міндеттеген. Апта басында Ақордада әкімдерді жинап, арнайы кеңес өткізген Нұрсұлтан Назарбаев халықты жер мәселесін шешу үшін бұра тартпай, бірлесіп жұмыла жұмыс істеуге үндеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жаны ашыйтындар сол комиссияға келсін де, өздерінің айтатындарын айтсын. Барлығы. Кім бар? Қазақстанда, сөз қылып жүрген? Ұсынысы дұрыс болса, қабылданатын болады. Ұсынысы дұрыс емес болса, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Себебі, инвестициясыз жердің құнарлылығын көтере алмаймыз. Біз сөзге тоқтаған қазақтың балаларымыз. Бұл жұмысты әкімдердің істейтін шаруасы дегенмін.

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02