«Сауат ашу» оқулығына қатысты ата-аналардан әлі де шағым түсуде
12 жыл бойы «ҰБТ» деп ұйықтап, «ҰБТ» деп түс көрген түлек үшін тағы бір сын - жаңаша сынақ келді. Электронды күнделік, ұстаздың мәртебесі, мектептегі жаңа бағалау жүйесі мәселесі де түбегейлі шешіліп біткен жоқ. Жаңа оқу жылы басталғалы ата-ана шағымының астында қалған 1-ші сыныптың жаңа оқулығы болатын. Кез келген жаңалыққа күмәнмен қарайтын біздің қоғам бұл бағдарламаға да үйренісе алмай жатыр. Көпшілік ата-ана ғасырдан астам тарихы бар «Әліппе» кітабының «Сауат ашумен» алмастырылғанына қарсы болғаны белгілі. Атауына көз үйренер. Бірақ, шикілік ішінде болып тұр. Мұғалім шарасыз, ата-ана амалсыз, екі тарап үндемеген соң, балалар шамалары жеткенше оқып жатыр. Екі тоқсан өтті. Бірақ, мектептің жаңа оқулығына қарсы ата-аналар әлі арыз-шағымын тоқтатқан жоқ. Жуырда әлеуметтік желіде осы реформаға наразы ананың бірі Білім және ғылым министріне үшбу сәлем жолдады. Оқулықтың олқылығын айта келіп, өз сауалдарына жауап беруді талап еткен. Алты ай өтсе де, жыры бітпеген бұл не қылған «Сауат ашу»?
Айнұр ОМАР
Айнұр ОМАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48