Елбасы: Мемлекеттің қаражатына немқұрайлы қарау - қылмыспен пара-пар
Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттің қаражатына немқұрайлы қарау - қылмыспен пара-пар», - деді. Сондықтан, Үкімет арнайы комиссия құрып, екі министрлікті тексеретін болады. Бізде көктемге салым жабағы жүнін сыпырып тастайтын төрт түліктей талай мәрте түлеп, реформадан көз ашпаған екі сала бар. Бірі - медицина, екіншісі - білім. Жаңадан министр келсе болды, реформа жасауға құмар. Негізі, реформаның астын ақырын қазсаңыз, небір былық-шылықтың бырқ етері анық. Президент осы қос министрлікті тексеру керектігін нақты тапсырды.
Жалпы, біздің шенділер мемлекеттік бюджетті тиімді пайдалана алмай отыр. Нұрсұлтан Назарбаевты ашындырғаны да - осы. Әсіресе, Президенттің қырына іліккен - қазынаның миллиардтарын оңды-солды таратуға құмар Қаржы министрі. Бақыт Сұлтанов «тарта жесең, тай қалады, қоя жесең, қой қаладыны» ұмытқандай. Миллиондарды үнемдемей, өңірлерге таратып берген. Ал, өңірлер кәдеге жарата алмаған. Елбасының шамданатындай жөні бар. 36 миллиард теңге игерілмеген. Кесірінен, аурухана, мектеп, балабақша секілді ең керекті әлеуметтік нысандардың құрылысы бітпеген. Таяқтың бір ұшы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке де тиді.

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ-та ғылыммен айналысып жүрген қазақтар көп
30.12.2025, 17:30
Хьюстон қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік күні аталып өтті
30.12.2025, 17:29
Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді
30.12.2025, 17:25
М.Әшімбаев жас параспортшылармен кездесті
30.12.2025, 17:24
Америка астанасында «Қазақстан күні» атап өтілді
30.12.2025, 17:24
«Нұрлы Жол» газетінің шыға бастағанына 35 жыл
30.12.2025, 17:21
Биыл Алматыға 1 миллион 800 мыңнан астам турист келген
30.12.2025, 17:19
Халық пікірі: Қай салада елеулі серпіліс болды?
30.12.2025, 17:17