Президент баға саясатында ымыраласуға жол бермеуді жүктеді
Бізде жыл сайын кез-келген дүниеге баға екі рет қымбаттайды. Бірі зейнетақы өскен кезде, екіншісі Жаңа жылдан кейін.
Экономикамыз нарықтық, азық-түліктен тарықтық, әрине, оның жоқтығынан емес, базардағы бағаны қуып жалықтық. Бүгінгі бұқараның базынасы осы, ағайын. Доллар кетсе домалап, оны биік-биік мінберлерден сөз қыламыз. Ал, азық-түліктің бағасы мен күнделікті күйбеңге керек тарифіңіздің бағасы ағаш басына шықса да - жұмған аузымызды ашпаймыз.
Өйткені, атқарушы билік «монополияны реттеп, бағаны қас қақпай бағып отырмыз. Бәрі жақсы дегеннен танбайды». Ал былай шығып дүкен сөрелеріне көз жүгіртсеңіз, жағаңызды ұстайсыз. Сөз бен істің арасы алшақ.
Президент биылғы жолдауында бағаға байланысты ымыраласатындарды жөнге салуды емес, тезге салуды шегелеп тапсырды. Ал, оның орындалар орындалмасын әрине, уақыт көрсетеді. Бірақ, бір нәрсе анық. Бізде жыл сайын кез-келген дүниеге баға екі рет қымбаттайды.
Бірі зейнетақы өскен кезде, екіншісі Жаңа жылдан кейін. Неге екені түсініксіз әйтеуір, осындай жазылмаған заң бар. Сауданың сақал сипағанша екенін түсінеміз біз. Бірақ, ардан аттап, анағұрлым кетуге қара халық қашанғы төзбек?!
Айбек ҚОБДАБАЙ

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
03.08.2026, 10:10
«Болашақ ойындары»: Бүгін фиджитал-баскетбол бойынша финалдық матч өтеді
03.08.2026, 10:09
Жарық пен су жиі өшеді: Қырымдағы жағдай
03.08.2026, 10:08
Ақтауда жағадан 25 шақырымға ұзап кеткен жастар құтқарылды
03.08.2026, 10:08
Елордада 17 мыңнан астам қыз адам папилломасы вирусына қарсы вакцина алды
03.08.2026, 10:07
Шымкентте дауыс берушілер саны 14 632 адамға артты
03.08.2026, 10:06
Алматыда балалардың құқығын қорғайтын басқарма құрылды
03.08.2026, 10:05
Трамп бүгін Иранмен шұғыл келіссөз басталатынын мәлімдеді
03.08.2026, 10:05