Білім беру саласында пікірталас көбейді. Неге?
25 жылда 14 министр. Есептесек, еліміздің Білім және ғылым министрлігін басқарған басшылар ұзаса 2 жыл ғана отырған екен. Есесіне, бұл салаға жасалған реформа министрлердің санынан да көп. Қазіргі Ерлан Сағадиев, Аслан Сәрінжіпов, Жансейіт Түймебаев, Жақсылық Күлекеев, Бақытжан Жұмағұлов... Тағы кім бар еді?
Әр министр білім саласына алқын-жұлқын өз жаңалығымен келді. Кішігірім төңкеріс жасады. Бірақ, кімнің есінде не қалып жатқаны бір Құдайға ғана аян. 2000-жылдардың басында жоғары оқу орнына тестпен қабылдау басталды, кейінірек ол Ұлттық бірыңғай тестке ауысты.
Министрліктің жұмысын қоғам тарапынан сынға ұшыратқан да осы ҰБТ болды. Біресе сұрағы дұрыс болмайды, біресе жауабы сәйкес келмейді. Бұл тіпті жыл сайын қайталанатын үрдіске де айналғандықтан, етіміз өліп кетті.
Ал, Ерлан Сағадиевтің реформалары саланы басқарған өзге министрлерден асып түсті. «Әліппе» мен «Сауат ашудың» таласы, оқулықтағы қателер, үш тілді білім беру жүйесі, электронды күнделік.
Әлеуметтік желі мен халықтың интернеттегі қарсы пікірін жүре тыңдап келген министрге бұл жолы депутаттар шүйлікті.
Индира БЕГАЙДАР

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05