Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Ресей ынтымағының 14-ші аймақаралық форумында үкіметаралық 10, өңіраралық 30 құжатқа қол қойылды

Қазақстан мен Ресей ынтымағының 14-ші аймақаралық форумында үкіметаралық 10, өңіраралық 30 құжатқа қол қойылды

Көрші орыстың Челябі қаласында Қазақстан мен Ресей ынтымағының 14-ші аймақаралық форумы өтті. Салмақты жиын. Екі елдің Мемлекет басшылары қатысты. Жыл сайын үрдісін үзбей ұйымдастырылатын форумның мәні де сол – көршілес, қоңсылас екі елдің, әсіресе, шекара маңындағы өңірлердің өркендеуіне серпін беру. Басқосу барысында қос елбасшылары өзара ынтымақты арттыру жолында атқарылар іс-шараларды тағы бір мәрте пысықтап, алуан саланы қамтитын жиыны үкіметаралық 10, өңіраралық 30 құжатқа қол қойды.

Форумның келесі 15-ші отырысы алдағы жылы Петропавлда, өзіміздің теріскей Қызылжарда өтеді. Сонымен қатар, осы жиында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қытайдан Қазақстанға, одан Ресейден Еуропаға қатынайтын теміржол құрылысының жобасын қолдайтындарын айтты.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Бөлісу