Интернетте бүркеншек атпен отырып бірін-бірі ғайбаттайтындардың жолы кесіледі
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдық өмірдің айнасы. Бұл саланы реттейтін заң осыдан 18 жыл бұрын қабылданған. Коммуникациялар, технологиялар жедел дамыған қазіргі уақытта онымен байланысты салалар да күрделі өзгерістерге түсіп жатыр. Ақпарат деген ұғымның өзі де өзгеріп, ауқымы кеңейіп келеді. Мемлекет пен БАҚ, масс-медиа мен азаматтардың арасындағы өзара байланыстардың маңыздылығы артты. Сондықтан да Үкімет ақпарат және коммуникациялар туралы заң жобасын әзірлеп, Парламентке кіргізген еді.
Осы аптада Мәжіліс депутаттары құжатты бірінші оқылымда қарады. Заң тек журналистерге ғана емес, мемлекеттік қызметкерлерге де жауапкершілік жүктейді. Сонымен бірге, интернетте жасырын, бүркеншек атпен отырып алып, бірін-бірі ғайбаттайтындардың да жолы кесіледі. Өйткені, мониторинг жасап отыратын арнайы жүйе іске қосылмақ. Құжат қоғамда қызу талқыланған-ды. Министр Дәурен Абаев өзінің жеке парақшасында қайта-қайта бейнеүндеу жариялап, заңды бүге-шүгесіне дейін түсіндірген еді. Депутаттар құжаттың кейбір нормаларын екінші оқылымға дейін қайта қарау керектігін айтады.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы