Осы аптада елімізде алғаш рет Қоғамдық кеңестердің мәжілісі өтті
Жалпы, Қазақстанда республикалық және жергілікті деңгейде 229 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Құрылған сәттен бастап 600-ден астам өзекті мәселе қоғамдық тыңдаулардан өтіп, 9 мыңнан астам нормативті актіге ұсыныстар енгізілді. Бірақ, қоғамдық кеңестердің қатарында жастар аз. Айталық, қазір кеңестерде 4 мыңнан астам мүше бар. Оның ішінде 18-29 жас аралығындағылардың саны тек қана 123. Мәжіліс барысында бұл мәселеге баса назар аударылды. Жиынға қатысушылар сонымен бірге, бұл институттың мәртебесін көтеріп, оның жұмысында мемлекеттік орган өкілеттігін 20 пайызға төмендету жайында әңгіме қозғады.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04