Басты Жаңалықтар Асқар Мырзахметовтың өңірді өркендетуге тәжірибесі жеткілікті

Асқар Мырзахметовтың өңірді өркендетуге тәжірибесі жеткілікті

Сәрсенбі күні Жамбыл облысына жаңа басшы тағайындалды. Өңірге Асқар Мырзахметов әкім болып барды. Елбасының Жарлығын өңір жұртшылығына Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков таныстырды.

Үкімет басшысы облыс активінің алдында өңірді 5 жылға жуық басқарған бұрынғы әкім Кәрім Көкірекбаевтың жемісті еңбек еткенін атап өтті. Ал, жаңа басшының өңірді өркендетуге тәжірибесі жеткілікті. Асқар Исабекұлы мемлекеттік қызмет жолында шыңдалған. 6 жылдан аса Оңтүстік Қазақстан облысын басқарды. Одан кейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарды. Жаңа әкімнің алдында мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі жүзеге асыру міндеті тұр.

 

Бөлісу