Елімізде біліксіз дәрігерлердің көбейгені алаңдатарлық дүние
Он екі мүшесі сау адамға қате диагноз қойып, мерзімінен бұрын о дүниеге аттандырып жіберген ақ халаттылардың да бар екенін көз көріп, құлақ естіп жүр. Халық арасында «Қалтасына ақша салмасаң, салғырт қарайды» деген түсініктің қалыптасқаны да жасырын емес. Әрине, көпке топырақ шашпас болар. Талайды ажал аузынан арашалап қалған алтын қолды абзал жандар да аз емес. Бірақ, біліксіз дәрігерлердің көбейгені алаңдатады. Ресми статистикаға сенсек, бір жылда ақ халаттылардың үстінен кемі 500-ден астам шағым түседі екен. Іс сотқа дейін жетіп, ақ халатын абақтының киіміне айырбастаған дәрігерлер де көбейген. Бас дәрігер Елжан Біртановтің пікірінше, дәрігерлердің қателік жіберуге құқы бар. Науқастың диагнозын 100 пайыз нақты қою мүмкін емес.
Осы аптада Мәжіліске келген ол депутаттарға дәрігерлерді қылмыстық жауапқа тартпау керек деген ұсынысын жеткізді. Егер дәрігерлерді шетінен жазалай берсек, ертең маман таппай, жер сипап қаламыз деп дабылдатты. Осы тақырыпты Шынар Асанқызы зерттеп көрді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы