Ұлттық арна Қысқы Олимпиададан хабар таратады
Бейне қолжетімді емес
Ұлттық арна енді 5 күннен кейін байрағы желбірейтін Қысқы Олимпиададан хабар таратуға дайын. Ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчханында спортың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Қазірдің өзінде спортшылар шоғырланатын қалашықта Қазақстанның Туы тігіліп тұр. Төртжылдықтың басты додасында отандастарымыз спорттың 9 түрінен 57 жолдама еншілеген. Спорт саласындағы басшылар бұл жолы Юлия Галышева, Алексей Полторанин, Дмитрий Рейхерд, Денис Тен сынды спортшыларымызға үлкен үміт артып отыр. Осыған дейінгі Қысқы Олимпиадаларда Ұлттық құрама бар-жоғы 7 медаль жеңіп алған еді. Оның біреуі – алтын, үшеуі – күміс және қалған үшеуі - қола.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04