Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Сәрсенбіде Президенттің төрағалығымен өткен алқалы жиында 2017-2020 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселесі жан-жақты қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев «бұл құжат қауіптер мен сын-қатерлерді анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс»,- деді. Отырыста аймақтардағы ахуал да сөз болды. Әсіресе, қауымы көп Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық даму деңгейін көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ, апатты жағдайдағы мектептерді қалпына келтіру, жаңа мектептер салу және өңірдегі діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Жиын соңында Елбасы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.
Бақытжан ОМАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04