Басты Жаңалықтар «Сарыарқа» магистральды газ құбыры 22 мыңға жуық жеке тұрғын үй секторын газға ауыстыруға мүмкіндік береді

«Сарыарқа» магистральды газ құбыры 22 мыңға жуық жеке тұрғын үй секторын газға ауыстыруға мүмкіндік береді

Президент 5-наурызда әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастаманы белгіледі. Айға жуық уақыт өтті. Бастамалар жүзеге аса бастады. Мәселен, сол 5 бастаманың соңғысы – Астана мен Солтүстік облыстарды газбен қамту ісі. Елордаға Сыр елінен газ жеткізетін «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы Қызылорда облысында былтыр іске қосылған «Қараөзек» компрессорлық станциясы арқылы жүзеге асырылмақ. Құбырдың ұзындығы – 1 мың 81 шақырым. Жоспар бойынша алдағы жылдың желтоқсанында іске қосылуы керек. Бұл – бірінші кезеңге бекітілген меже. Ал, жалпы солтүстікке оңтүстіктен газ тарту ісі 4 кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде Астанаға келген сол мол газды Көкшетауға жеткізу міндеті тұр. Үшінші кезеңде – Петропавлға дейінгі газ магистралін тарту көзделген. Соңғы, төртінші кезеңде «Жезқазған», «Теміртау» компрессорлық станциялары салынады.

Ал, енді 5-ші бастаманың әлеуметтік-экономикалық әсеріне тоқталсақ. «Сарыарқа» магистральды газ құбыры – 192 жеке, 48 шағын қазандықтың, 22 мыңға жуық жеке тұрғын үй секторын газға ауыстыруға мүмкіндік береді.

Нұрбол ҚАПЕШОВ

Бөлісу