Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып Талғат Байсуфинов тағайындалды
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстан Ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды. Бұл қызметке 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарып келе жатқан Талғат Маруанұлы Байсуфинов тағайындалды.
Айта кетейік, Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен Қазақстан Ұлттық құрамасы үш матч өткізді. Оның шәкірттері Әзірбайжан мен Қытай құрамаларын жеңіп, Грузия құрамасымен тең ойнады.
Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабына отандық мамандар Нүркен Мазбаев, Юрий Новиков және Андрей Ферапонтов кірді.
Биыл Қазақстан Ұлттық құрамасы 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінің ойындарын бастайды. Алғашқы ресми матч 4 қыркүйек күні Астанада Польша құрамасымен өтеді.
ҚФФ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05