Оқушылардың қалай ұшынғандығы анықталды
Семейдегі №19 мектепте оқушылардың жаппай ұшынуы бойынша тексерудің нәтижесі жарияланды. Анықталғандай, балалар «сальмонеллездік инфекция» жұқтырған. Ал, оны тасымалдаушы асхана жұмысшысы екендігі белгілі болды. Мұны арнайы жүргізілген сараптамадан кейін эпидемиолог мамандар айтып отыр. Жалпы мектептегі тағамнан ұшынған деген күдікпен 70 бала тіркеуге алынған. Қазір 32 оқушы жұқпалы аурулар емханасында ем қабылдап жатыр. Оған қоса, екі ересек адам да инфекция жұқтырған. «Қазір барлық науқастардың жағдайлары қалыпты»,-дейді дәрігерлер. Ал, жұқпалы дерттің таралуына кінәлілерге қатысты шара қолданылады.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10