Отандық дәрігерлер инсульт алған жүкті әйелді құтқарып қалды
Отандық дәрігерлер инсульт алған жүкті әйелдің өмірін сақтап, нәрестесін аман-есен босандырып алды. Ол келіншек жүктілігінің 38-ші аптасында Ұлттық нейрохирургия орталығына өте ауыр халде жеткізілген. Миына қан құйылған. Дерті кәдімгі инсульттан күрделілеу. Медициналық тілмен айтқанда оған «артерия-веналық мальформация» диагнозы қойылған.
Бұл - әлсіз қабырғалары бар тамырлардың ұйып қалуы. Алдымен нейрохирург мамандар әйелдің өмірін сақтап қалу үшін аз жарақатталатын операция жасады. Екі күннен соң әйел «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығына ауыстырылып, ондағы дәрігерлер кесір тілігі арқылы оны босандырып алды. Ана мен сәбидің қазір жағдайлары жақсы. Үйлеріне шығарылды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04