Басты Жаңалықтар Астанадағы №11 емханада босануға дайындық мектебі және отбасын жоспарлау кабинеті іске қосылды

Астанадағы №11 емханада босануға дайындық мектебі және отбасын жоспарлау кабинеті іске қосылды

Елімізде жыл сайын демографиялық ахуал жақсарып келеді. Соған сай, қазір қыз-келіншектерді бала сүюге ерте бастан дайындау өзекті мәселелердің біріне айналды. Осы талапты шешу үшін Астана қаласындағы №11 емханада босануға дайындық мектебі және отбасын жоспарлау кабинеті іске қосылды. Орталықтарды құруға «Ақниет» қайырымдылық қоры қолдау көрсетіпті.

Бұдан былай, жас аналар осында келіп, білікті мамандардан тегін кеңес ала алады. Бұл емханада қазірдің өзінде бала көтеруге қабілетті 16 мың әйел тіркеуде тұр. Мамандар «мұндай орталықтар әйелдердің жүктілікке ерте бастан дайындалып, өмірге дені сау ұрпақ әкелуіне оң ықпал етеді. Сонымен қатар, ана мен бала өлімін азайтуға да айтарлықтай себі тиеді»,- деп қуанып отыр. 

Жаңалық Сағындықов, Астана қаласындағы №11 емхананың бас дәрігері:

Ана мен бала денсаулығына мемлекеттік бағдарламада көп әрекеттер көрсетілген. Сондықтан, осы кабинеттер ашылып отыр. Бұл кабинетте білікті қызметкерлер жұмыс істейді. Оның ішінде психологтар, гинекологтар мен педиатрлар бар.

Бағила Бисембаева, «Ақниет» қайырымдылық қорының өкілі, Астана қаласы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

Осындай кабинеттерді көптеп ашу керек деп санаймын. Себебі, дүниеге денсаулығы мықты ұрпақ әкелу үшін аналардың алдын ала дайындықтан өткені өте дұрыс. Еліміздің іскер әйлдерін осындай игі істер жасауға шақырамын.

 

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Бөлісу