Дәрігерлер адам өмірін ұзартуға сеп болатын бірнеше қағидаттарды айтты
Дені саудың жаны сау. Орталық коммуникациялар қызметіне келген бір топ дәрігер адам өмірін ұзартуға сеп болатын бірнеше қағидаттарды айтып берді. Бұл орайда жақында ғана Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы құрылған болатын. Жаңа мекеме ең үздік тәжірибені негізге ала отырып, тамақтану мәдениетін өзгертуге қатысты ұсыныстардың ғылыми негіздемесін қалыптастырмақ.
Яғни, шылым шегу, алкоголь, қант, тұз, майлы тағамдарды шектен тыс тұтыну сияқты зиянды факторлардан құтылу керек. «Көліктерді азайту есебінен де адам өмірін ұзартуға болар еді», - дейді мамандар. Веложолдарды көбейту қоршаған ортаның ластануын бәсеңдетеді. Демек, жоғарғы тыныс алу жолдары, аллергия, демікпе ауруларының қаупін едәуір сейілтеді.
Сөздің тоқетері, спортпен шұғылданып, майлы тамақ жемеу керек, күнде 2 литр су ішу керек деген секілді күнде айтып жүрген нәрселеріңізді алдымен өзіңіз сөзбен емес, іспен жасауыңыз қажет.
Дәулетхан Есімов, «Медициналық ұйымдардың қазақстандық альянсы» РҚБ басқарма төрағасы:
- Адам денсаулығының 10 пайызы ғана медицинаға байланысты болатын болса, 50 пайызы осы аурудың алдын алып профилактика жүргізу екен.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы