Қарағандыда жылқы терапиясы дамып келеді
Қарағандыда иппотерапевтер мүмкіндігі шектеулі балалардың аяққа нық тұрып кетуіне қолғабыс етуде. Орталықта сал ауруына шалдыққан 12 бала қазір ем алып жатыр. Сеанс 40 минутқа дейін жалғасады. Иппотерапиялық емдеу әдісін қарағандылық мамандар былтыр Өскемен қаласындағы мамандармен тәжірибе алмасып, меңгеріп шықты. «Мүмкіндігі шектеулі жандарды емдеуді мемлекет өз қарамағына алғалы жағдай біршама жақсарды», - дейді мамандар. Биылдың өзінде, науқастардың иппотерапия емін алуына бюджеттен 4 миллион теңге бөлінген.
Бақытнұр Тәліпова, Қарағанды қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметітк бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:
- Қазір бұл 12 баладан бөлек, 10-ға жуық бала кезекте тұр. Қала әкімдігі оларға әрдайым қолұшын беруге дайын. Қосымша қаражат бөлуге де әзір. Тек кейбір балаларды мұнда әкелгісі келмейтін ата-аналар да кездесіп жатады. Десе де, аздаған уақытта нәтиже көріп, қуанып жатқандар баршылық.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы