Елімізде жыл сайын 4 мың адам сүт безі обырымен тіркеледі
Қазақстандықтардың ең көп шалдыққан дерті - сүт безі обыры ауруы. Жыл сайын 4 мыңдай адам тіркеуге алынады. Бұл сан артпаса, азаймай отыр. Бүгін күрмеуі қиын күрделі мәселені еліміздің 90 дәрігері Оңтүстік Кореядан келген профессорлармен бірге талқылады. Өз тәжірибесімен бөліскен мамандар емдеудің кореялық тәсілін түсіндірді. Жалпы, қазір қатерлі ісікті алдын ала анықтау 60 пайызға жуықтаған. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Сондықтан, ерлер мен әйелдерге 6 түрлі органның қатерлі ісігін дер кезінде анықтау үшін 40 жастан кейін тексеріліп тұру өте маңызды екені айтылды. Қазір скрининг бағдарлама бойынша тексерілу жергілікті емханаларда жүзеге асады.
Динара Тұржанова, маммолог-дәрігер:
- Оңтүстік Кореядан 10 шақты профессор келді. Олар осы маммология, радиомаммология бойынша ең білікті мамандар болып есептеледі. Бұлар біздің дәрігерлерімізбен, резиденттерімізбен өз тәжірибелерін бөлісуде.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы