Викторияға орман өрті қауіп төндіріп тұр
Австралияның Виктория штатында мыңдаған адамға ол жерден көшу туралы кеңес берілді. Себебі, бұл аймақта ауаның температурасы көтеріліп, жел соғып, орман өртінен халыққа орасан қауіп төніп тұр.
Күн 40 градусқа дейін ысығандықтан, жергілікті билік 30 мыңдай туристке эвакуация туралы ескерту жіберді. Сонымен қатар Батыс Австралиядан бастап Тасманияға дейінгі аралықты мекендейтін тұрғындарға да оттан сақтану ескертілген. Осыған қарамастан, Сиднейде жүздеген мың адам жаңажылдық отшашуды тамашалайды деген болжам бар.
Австралияда ормандар қыркүйектен бері жанып жатыр. Осы күнге дейін бес штатта 4 миллион гектар жасыл желек күлге айналып, талай коала мен кенгруру қырылып қалған.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11