А.Үкібай: Н.Назарбаевта коронавирус симптомсыз өтіп жатыр
Елбасының денсаулығына алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің денсаулығы туралы айтып берді. Оның сөзінше: «Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінеді. Ауру симптомсыз өтіп жатыр. Температура тұрақты, коронавирусқа тән ешқандай белгі байқалмады. Тұңғыш Президент дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға негіз жоқ».
Сонымен қатар, Айдос Үкібай Елбасының өзге мемлекет басшыларынан, еңбек ұжымдарынан түсіп жатқан барлық телеграммалар мен хаттарды оқығанын атап өтті. Назарбаев барша алаңдап жатқан адамдарға алғысын білдірді. Коронавирусқа қарамастан, Елбасы жұмысын қашықтан жалғастырып жатыр.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08