Қапшағай қаласында тәртіп сақшылары төбелес шығарды
Қапшағай қаласындағы дәмханалардың бірінде полиция қызметкерлері екі күзетшіні соққыға жықты. Оқиға қоғамдық тамақтану орнының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәртіп сақшылары «дәмхана жабылады, қайтыңыздар» дегенге көнбей тойлатуын жалғастырмақ болған. Сөзге келіп қалған олар екі қызметкерді сыртқа алып шығып, жабылып ұрған. Алматы облыстық полиция департаментінің басшылығы 4 полицейдің бұл ерсі қылықтарын тергеп-тексеру барысында қарастырып, нақты шешім қабылдамақ.
Ернар Сайділдин, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы:Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293 бабының 2-бөлігіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08