Ливияға 10 жылда алғаш рет туристер барды
Он жылда алғаш рет Ливияның туризм министрлігі елге туристерді қабылдай бастады. Шетелдік 100 саяхатшы табиғи және тарихи естеліктерге бай өлкені тамашалау үшін арнайы барған. Ал Ливия аумағында ЮНЕСКО-ның халықаралық мұралар тізіміне енген 5 нысан бар. Саяхатшылар тобы Гадамес қаласы мен жартасқа салынған суреттерімен танымал Акакус тауын тамашалады. Айта кетейік - Ливияда 2011 жылы НАТО-ның қолдауымен болған көтерілісте экс-президент Муаммар Каддафи билігі құлады. Содан бері қарулы қақтығыстар, тұрақсыздықтан көз ашпай келді. Тек, былтыр ғана БҰҰ-ның араласуымен жауласушы тараптар атысты тоқтатты. Дегенмен сарапшылардың пікірінше, елде тұрақтылық орнады деп айтуға және туризмді қалпына келтіруге әлі ерте.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13