Главная Новости «Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді

«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді

Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті. Барлығы 67 адам. Олар құрылысқа бағытталған  қаражаттың жұмсалуын бақылайды. Комиссия құрамына лауазымы бойынша 29 адам енді . Бұл қатарға Комиссия төрағасы болып Жоғары аудиторлық палата төрағасы, оның орынбасары лауазымына Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі және 7 орталық мемлекеттік органның басшылары мен орынбасарлары бекітілді. Сондай-ақ барлық өңірдегі мәслихат төрағалары да осы тізімде. Ал, дербес құрам бойынша бекітілгендер 38 адам. Мемлекет басшысының Ақорда ресми сайтында жарияланған жарлық мәтініне сәйкес, аты-жөні нақты көрсетілген 38 мүшенің қатарында Құрылтайдың 13 депутаты, Қазақстан Халық Кеңесінің 13 мүшесі, 5 журналист және бизнес, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың 7 өкілі бар.

Поделиться