НАТО-ға мүшелік: Финляндия мен Швеция мамырда өтінім береді
Финляндия мен Швеция Солтүстік атлантикалық альянсқа мүше болу туралы ниетін мамырда білдіреді. Мұндай ақпарат аталған екі елдің басылымдарында жарық көрді. Онда Швеция мен Финляндияның премьер-министрлері мамырдың ортасында кездесіп, НАТО-ға қосылу туралы ресми өтінім беретіні айтылған. Айта кетері қос мемлекет әскери одақпен жылдар бойы тығыз ынтымақтасып келеді. Дегенмен бұған дейін альянсқа мүше болу мәселесі қозғалған жоқ. Ал Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін НАТО-ға қосылуды қолдайтын шведтер мен финдердің саны артқан. Әскери сарапшылардың сөзінше, аталған екі елді альянсқа кіргізу туралы шешім тез қабылдануы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13