Ресей күштері Северодонецк бағытында шабуылды күшейтті
Украина аумағында әскери қақтығыс жүргізіп жатқан Ресей күштері Северодонецк түбінде алға жылжыған. Украина Қарулы күштерінің бас штабы осылай деп мәлімдеді.
Ресей әскері Барвенков пен Славянскіге қайта шабуылдау үшін Изюм қаласы төңірегінде қайта топтасып жатыр. Бұл жаққа 300-ден астам техника жіберілген. Сонымен бірге шығыс майданның солтүстік және оңтүстік қапталдарында шабуыл күшейді. Мариупольде қоршаудағы Азовстальді бомбалау жалғасып жатыр. Киев Мәскеуге зауыттағы әскерилерді ресейлік тұтқындарға айырбастау туралы ұсыныс жасаған. Дегенмен Ресей тарапы бұған жауап берген жоқ. Сонымен бірге Запорожье және Херсон облысында ресейлік күштер артиллериялық шабуылды тоқтатқан жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13