Украина: Жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынды
Осы аптада Украина тәуелсіздік күнін атап өтуі керек. Бірақ, Киев, Харковь және өзге де ірі қалаларда тамыздың 23-нен бастап 25-не дейін жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынып отыр. Өйткені мереке кезінде Ресей шабуылдарды қатыгездікпен күшейтуі мүмкін. Мұны президент Владимир Зеленский ескертті. Оның мәлімдеуінше, жоғарыда аталған қалаларда коменданттық сағат енгізілген. Және де мейрам күндері тұрғындарға қоғамдық орындарға баруға, көшеде жаяу немесе көлікпен жүруге тыйым салынады.
Айта кетсек, Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыстың жүріп жатқанына екі күннен кейін тура 6 ай болады.
Владимир Зеленский, Украина Президенті:Біз осы аптада Ресейдің өте жағымсыз әрі ерекше қатыгездікке баруы мүмкін екенін ұғынуымыз керек. Өйткені, жауымыз - сондай. Бірақ, ол өткен жарты жылдың кез-келген аптасында да осындай қатыгездіктерден тайынған жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13