Алматыда Қарахан дәуіріне жататын үлкен шаһардың орны табылды
Қарахан дәуіріне жататын үлкен шаһардың орны табылды. Аумағы 100 гектарға жайылған қала Жамбыл облысына қарасты Сарыбарақ ауылының маңында орналасқан. Аталған аймақта зерттеу жүргізген Ә.Марғұлан атындағы Археология институты мамандарының айтуынша, тарихи ескерткіш XI-XII ғасырларға жатады.
Оған сол орыннан табылған қыш ыдыстардың және басқа да күнделікті тұрмыста пайдаланылған бұйымдардың қалдықтары дәлел. Ғалымдардың топшылауынша, шаһарда мешіт немесе ғибадат жасайтын ғимарат та болған. Тіпті қала ауыз су тарату желісімен де қамтылған екен.
Ералы Ақымбек, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері:
Қыш құбырдың бөлшегін тауып алдық. Бұл дегеніңіз сол кездегі қаланың халқы таза ауыз сумен қамтамасыз етілгенін білдіреді. Ол өзеннің жоғары жақтағы бір бұлақтан ба әлде бөгет жасап, суды тұндырып қойып, қаланың ішіне жіберді ме? Содан қалаға су құрбырлары арқылы таза ауыз су келгенін білдіреді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08