Украинаның шығысындағы Бахмут қаласы үшін шайқас күшейіп келеді
Украинаның шығысындағы Бахмут қаласы үшін шайқас күшейіп келеді. Владимир Зеленскийдің сөзінше, Ресей армиясы бұл бағытта үлкен шығынға ұшырап жатыр. Ал Украина басшысының кеңесшісі Александр Роднянский қажет болған жағдайда Украина әскері Бахмуттан стратегиялық шегініс жасап, қарымта шабуылға кірісуі мүмкін деді. Ресейліктер қаланы шілде айынан бері ала алмай келеді. Мәскеудің мақсаты – Бахмутты жаулағаннан кейін Донецк облысының басқа да елді мекендерін бағындыру. Украина қарулы күштерінің мәліметіне қарағанда, Ресей Донбасспен шектеліп қалмай, солтүстіктегі Чернигов, Сум, Харьков облыстарындағы 20 шақты қала мен ауылға да снаряд жаудырып жатыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13