Женевада Украина астығының экспорты жайлы келіссөздер жүріп жатыр
Украина астығын әлемдік нарыққа жеткізу туралы келісімді жалғастыру жөнінде келіссөздер өтіп жатыр. Мұны бүгін Түркия қорғаныс министрлігі хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, Ресей мен Украина Анкара мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арағайындығымен Қара теңіз порттарынан бидай экспорттауға жол ашу туралы келісімге былтыр шілденің 22-де қол қойды. Сол уағдаластықтың уақыты наурыздың 19-да аяқталады. Ал, Ресей оның мерзімін тағы 60 күнге ғана ұзартуға келіскен. Украина болса, әу-бастағы шарт бойынша, бұл мерзімді 120 күнге созуды талап етіп отыр.
Айта кетсек, Украинада өндірілген астық пен күнбағыс майы және өзге де азық-түлік әсіресе, Африка мен Таяу шығыс елдерінде қымбатшылық пен ашаршылыққа жол бермеу үшін өте маңызды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13