Перуде табиғи апаттан 50 адам қаза тапты
Перуде «Яку» циклоны жүріп, су тасқыны, лай көшкіні болды. Табиғи апаттан кемінде 50 адам қаза тапты. Ал зардап шеккендердің саны 50 мыңнан асып жығылады. Мұны осы елдің Президент әкімшілігі хабарлады. Бұл елде қаңтардың басынан наурыздың ортасына дейін бірнеше рет жауындатқан дауыл соқты. Салдарынан 11 мың гектар егістік алқабы жойылып, 28 мыңдай мал қырылып қалған. Бұған қоса, жүздеген үй мен жол және көпір құлады. Осыған байланысты мемлекет басшысы қоғамның барлық топтарын зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге жұмыла атсалысуға шақыруда.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13