Тегеранда әскери шеру өтті
Иран астанасы Тегеранда әскери шеру өтті. Ол Ұлттық армияның құрылған күніне арналған. Ел Президенті Ибрахим Раиси сөз алып, АҚШ пен Израильді аймаққа төнген қауіп деп атады. Солндай-ақ, «егер дұшпандар Ислам Республикасына қастандық жасаса, Иран еврей мемлекетінің Тель-Авив, ХАйфа қалаларын жояды» деп ескертті. Тағы бір сөзінде Раиси Америка Құрама Штаттарын Таяу Шығыстан сарбаздарын әкетуге шақырды. Ал әскери шеруде дрондар мен зымырандар, өзге де қару түрлері көрсетілді. Солардың ішінде Ресейден жеткізілген С-300 қорғаныс жүйесі бар. Ол зымырандар мен әскери ұшақтарды құлатуға арналған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13