Астанада су тапшылығы болуы мүмкін
Астанада ауыз су мәселесі 2026 жыл болмай шешілмейді. Ал, биыл тапсырылады деп жоспарланған сүзгі-сорғы станциясы келесі жылдың екінші тоқсанынан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы айтты. Сонымен бірге ол Біріккен Ұлттар Ұйымының алдағы 10 жылда су ресурстарының жаһандық тапшылығы болу мүмкін деген болжамын жеткізді. 2030-жылға қарай әлемде су тапшылығы 40%-ға жетуі мүмкін дейді. Елде ауыз су тапшылығын бірінші сезінетін: Атырау, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Ақмола облысы.
Әзімбек Пазылбекұлы, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары:
Елорда бойынша суға тапшылық сезілуде, оны өздеріңізде білесіздер. Шамамен, тәулігіне 25 мың шаршы метр су тапшылығы байқалуда. Қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп төртінші су сорғы станицясының құрылысын жоспарлау жұмыстары жүргізілуде.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08