Орал тауларында 100 мың га аумақты от шарпыды
«Қазгидромет»-тің хабарлауынша елдің солтүстік және орталық облыстарында ауа сапасы күрт нашарлады. Мамандар шекаралас елдегі өрттің салдары деп отыр. Ресейдің Орал өңірінде 100 мың гектардан аса аумақ өртке оранды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тілсіз жаудан 21 адам қаза тапқан. Марқұмдардың саны өсуі мүмкін. Өрт шарпыған елдімекендерде жүздеген үй қираған. Халық жаппай көшіріліп жатыр. Алдын ала ақпаратқа сай, өрт туристер жаққан оттан тұтанған болуы мүмкін. Бұған қоса ол қасақана қойылды деген мәлімет бар. Қазақстанмен шекаралас Қорған облысында осыған байланысты 46 күдікті анықталып, қылмыстық іс қозғалған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08