Израильде мемлекеттік бюджетті мақұлдауға қарсы шықты
Израильде мыңдаған адам мемлекеттік бюджетті қолдамайтынын білдіріп жатыр. Олар Тель-Авив көшелеріне шықты. Егер құжат мақұлданса жұмыссыздық белең алып, экономикалық өсім тежеледі деп қауіптенеді. Жоспар бойынша 2 триллион шекель болатын шығындар пакеті ортодоксальді еврей мектептерін қаржыландыру мен Батыс жағалауда қоныс салуға да бөлінбек. Оппозиция өкілдеріне бұл ұнамай отыр. Үкімет бюджет жобасы несие рейтингі агенттіктері тарапынан қолдауға ие болғанын мәлімдеді. Бұған дейін Беньямин Нетаньяху үкіметі халық қарсылығына тап болған сот жүйесін реформалау жоспарын тоқтатқан еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08