Пәкістанда жарылыстан қаза тапқандар саны 54-ке жетті
Пәкістаннның Ауғанстанмен шекаралас Баджур ауданында алапат жарылыс болды. Құрбандар саны 54-ке жетті. Қазір оларды жерлеу рәсімдері өтіп жатыр. Жараланғандар саны 200-ден кем емес. Бомбаны жанкешті-лаңкес іске қосқан. Бұл шабуыл тәліптерге жақтас исламдық партияның сайлауалды митингі кезінде жасалды. Әзірге қастандық үшін ешқандай ұйым мойнына жауапкершілік алған жоқ. Дегенмен, жергілікті полицияның мәліметінше, бомбаны «Даиш» қарулы тобының жергілікті бөлімшесінің содырлары жарса керек. Пәкістан қауіпсіздік күштері болса, қантөгісті пәкістандық «Талибаннан» бөлініп кеткен қарулы топ ұйымдастырды деп есептейді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13