Қоқыс тастағандар жауапқа тартылады
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында профилактикалық рейдтер жалғасып жатыр.
Бұл жолы тәртіп сақшылары Ататүрік саябағында қоғамдық орындарды таза ұстау және абаттандыру талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында полиция қызметкерлері саябақ аумағын аралап, тұрғындарға қоқысты белгіленбеген жерге тастамау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ учаскелік инспекторлар WhatsApp чаттары арқылы да түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Талапты бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Абзал Абильдаев, Байқоңыр ауданы Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары:
«Таза Қазақстан» акциясы бойынша 2 бап көзделген. Яғни, 505-бап әкімшілік құқық бұзушылықтың және 434-2 бабы бойынша яғни қоршаған ортаны, көпшілік қоғамдық ортаны ластау. Яғни ол жерде парк, сквер, жанағы аллея, солардың барлығы кіреді.
Читайте также
Все
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11